17 сәуірде шаңды дауыл болып, бұршақ жауады - Қоғам|17 Сәуір 2018, 08:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

17 сәуірде шаңды дауыл болып, бұршақ жауады

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерінде тұман, екпінді жел сақталады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер