BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: Elitefon.ru

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Ресми ақпарат бойынша, атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей аймақта жауын жауып, найзағай күркіресе, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады. Республикамыздың батысында ғана ауа райы ашық болмақ. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

«Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа райы тұманды болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер