BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон жылжып, кейін уақытша жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуіне алып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде ылғалды қарға айналатын жаңбыр және батыста температура 0+5 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның жылжуына қарай солтүстік-шығысқа найзағайлы жаңбыр және республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысына күннің суытуын алып келеді, 19 сәуірде түнде және таңертең жаңбырдың сулы қарға айналуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер