BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 16 мамырда Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер