BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада жаңа ірі бассейн ашылады

Фото: Aquastars.

Көпфункционалды «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында ауданы 1352 шаршы метрді құрайтын бассейн есігін айқара ашпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жолағы бар бассейннің ені – 25 метр. Мұнда себезгі кабиналары, шешінетін кең бөлме бар. Бассейндегі су 8 деңгейлі тазартудан өтеді. Бассейн түбін роботтар тазартады.

Ол күн сайын сағат 7:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады.

Медициналық тексеріс жөніндегі анықтама мен бассейнде жүзуге арналған бас киім міндетті түрде қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер