BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

14 маусымнан бастап Керей мен Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады

Фото: arnapress.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Тұран даңғылынан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, осы жылдың маусым айының 14-нен 21-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер