BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Ал батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с болса, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер