BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

13-15 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: astana.gov.kz

Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары биік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7оС төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады.

12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын басым. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреп, өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтерілуі де мүмкін.

2018 жылы 10 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы территориясының 22%-ында, Жамбыл облысы территориясының 3%-ында, Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының 3%-ында қар жамылғысы жатыр.

12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, судың деңгейі көтеріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер