BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: reading.com.ua

Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар кей жерлерге жауын-шашын, жаңбыр және ылғалды қар алып келеді. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарына Орта Азиядан жылы ауа келеді. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 20-25 градус аралығында жылы болса, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін жылынады, ал шығыста термометр бағаны 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланған. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.

12 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер