BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

11-12 тамызда Астанада Түркістан облысының жәрмеңкесі болады

Фото: kaspyinfo.ru

Аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 101 млн теңге сомасында 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады және де астана тұрғындарының сұранысы бойынша «Дәмді ет» сауда белгісі бар «Ордабасы құс» ЖШС-нің шұжық және үндіктен жасалған ет өнімдерін де әкеледі.

Сондай-ақ сүт өнімдері ұлттық тағамның ассортименті ұсынылады.

Айта кетейік, биыл облыс астанаға 5 рет келді және жалпы көлемі 14 мың тоннадан асатын 26 өнімнің түрін ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер