BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің кейбір өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман түседі.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында түнде және таңертең дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында күн ысидыі, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер