BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

10 күнде Астананың бір ауданынан 230-дан астам ашық құбыр тіркелді

Астана, BAQ.KZ. Құдықтардың қақпағын ұрлау мәселесі елорданың барлық аудандарында әлі де өз өзектілігін жоғалтқан жоғалтқан жоқ. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Есіл ауданында 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Астана әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық қалған құдық туралы 216 шағым келіп түскен.

«Есіл» ауданы әкімінің аппаратында барлық шағымдар қаралып, өңделді. Одан басқа, аралау барысында тағы да 15 құдықтың жабылғаны анықталды», - делінген аудан әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Еске сала кетейік, сәрсенбіде Сарыарқа ауданының аумағын аралау барысында және байқампаз қалалықтардың арқасында 7 құдықтың ашық жатқаны анықталған болатын. Бүгін олардың бәрі де қайтадан жабылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер