BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

10 айда жолаушылар пойызында 2 400-ге жуық заң бұзушылық анықталды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Инвеситициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев пен Сыбайлас жемқорлықа қарсы Бірінші медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байгуловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Онда теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау сапасын арттырудың алдын-ала қорытындысы жасалды.

ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев биыл 10 айда теміржол көілігімен 19 миллионнан астам жолаушы тасымалданғанын хабарлады.

Нормативтік жағдайларды құру аясында 2017 жылдан бастап 220-дан астам жаңа вагондар сатып алынды. Сонымен қоса, жолаушыларға көрсететін қызметтердің сапасын және қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыстар айтылды.

Мысалы, жүрдек пойыздар 3 сағаттан артық кешігетін болса, жолаушыларды хабарландыру үшін арнайы жүйе құрылды. Бұл 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап толық жұмыс істейтін болады.

www.bilet.railways.kz сайтына «күту парағы» қызметі енгізілді. Егер, жоспарлап отырған пойызда бос орындар болмаса, жолаушы өзінің жеке мәліметтерін қалдыра алады. Осылайша, орын болған кезде жолаушының электронды поштасына және жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

Барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық пойыздарда мультимедиялық ойын-сауық WI-FI сервері кезең-кезеңімен қосылатын болады.

Жыл сайын пойыз бригадасы штатынының 30%-ы жолаушылармен мәдениетті сөйлесуге және жақсы қарым-қатынаста болуға оқытылады.

Барлық әлеуметтік маңызы бар пойыздарда динамикалық бағаның құрылу жүйесі қолдынылады. Тасымалдауды ерте жоспарлағанда жолаушыларға билетті 25% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ, жеке бағыттар бойынша «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билет бағасының қымбаттауына қатысты халықтан түсетін сұрақтардың көптігі айтылды және түсіндірілді.

Әсет Асавбаев атап өткендей, аталған пойыздар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайды және қолданыстағы стандартты пойыздарға балама ретінде ұлттық тасымалдаушы өз қалауы бойынша басқарады. Осыған орай, шығындарды жабу үшін тасымалдаушы жол жүрудің баға саясатын өзі жүргізеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы I-топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін 50%-дық жол жүру жеңілдігі Жолаушыларды тасымалдау Қағилаларындағы өзгерістерге байланысты барлық стандартты пойыздарға енгізу жоспарланғаны айтылды.

Сондай-ақ, Әсет Асавбаев тасымалдаушылардың міндеттерін орындауда қазіргі мәселелер туралы айтты.

2018 жылдың басынан бері 101 құрам тексерілді және стандартқа сай келмейтін 800-ге жуық заң бұзушылық анықталды.

Тексерудің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін Бірінші сыбайлас-жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байгулов комиссия құрамына енгізілді. Ол қоғам өкілі ретінде тексеру барысын бақылайды.

Жалпы, келісім-шарт аясында тасымалдаушыларға 55 млн. теңгеден астам айыппұл салынды және кемшіліктерді жою шаралары қабылданды.

Сондай-ақ, көлікті бақылау органдары биылғы 10 айда 830 жолаушылар пойызын тексеріп, 2 366 заң талаптары бұзылғанын анықтады және билетсіз жолаушыларды тасымалдаудың 1000-нан астамы фактісі тіркелді.

Сонымен қатар, комитет жолаушылармен нақты кері байланыс орнату жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда тәулік бойы жұмыс істейтін 1433 нөмірі бойынша жолаушылардың өтініштерін қарау жөніндегі бірыңғай колл-орталық іске қосылды.

Әсет Асавбаев Жолаушыларды тасымалдау қағидалары бұзылған жағдайда, жолаушыларды билетсіз тасымалдау фактілері тіркелсе, төсек-орын жабдықтары талапқа сай болмаған жағдайда 1433 нөміріне хабарлау керектігін баса айтты.

Пойыздардағы қызмет көрсету деңгейін, тасымалдау сапасын арттыру және пойыз бригадасының заңсыз әрекеттерін болдырмауда жемісті жұмыс жүргізу үшін халық белсенді атсалысуы қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер