BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

102 қызметіне алматылық тұрғын үш мың рет хабарласқан

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылдың 8 айында 102 қызметіне 3,2 млн қоңырау келіп түскен. Оның 40%-і ғана құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«8 айда 3,2 млн қоңырау келіп түсті. Ал бізде барлығы 220 оператор тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Жүктеме көп болған соң олардың шамасы жетпеді. Алматыда бар-жоғы 24 оператор, Астанада – 26. Бүгінде олардың санын арттырып, 12 сағаттық жұмыс күніне ауыстырдық. 3,2 млн қоңыраудың ішінде 40% ғана полиция жұмысыа қатысты, қалғандары – ТҮКШ-ке байланысты, мысалы сумен жабдықтау туралы сұрайтындар бар. Алматыда бір азамат операторға 3000 рет хабарласып, үнемі тұрғын үйіне қатысты және басқа да сұрақтармен шағымдана берген», - деді ол.

Министр 102 нөміріне хабарласқан кезде азаматтар неліктен келеңсіз жағдайларға тап болатынын айтты.

«Оның бірнеше себебі бар: біріншісі – ұялы байланыс операторларына қатысты. Мысалы, Altel туралы айтсақ, 102-ні терген кезде автожауап беруші 30 секунд қазақ және орыс тілінде сөйлейді. Содан кейін ғана 102-мен байланыстырады.Ал Теле2 мен Kcell секілді операторлар келіп түскен қоңырауды 112-ге жібереді, содан кейін ғана ол 102-ге келіп түседі. Осындай жағдайларды операторлардың өздері мойындап отыр. Осы олқылықтардың орнын толтырдық. Қазіргі уақытта абоненттер барлық ұялы байланыс операторымен хабарласа алады. Оларды102 операторына 6 секунтың ішінде қосады», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер