BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Жылқы жалындағы мәдениет (Іле тұлпары. ІІ бөлім)

«Шинжияң телевизиясы» түсірген жаңа жобаның бірі – «Жылқы жалындағы мәдениет» телехабары. Арысы адамзат өркениетінде үлкен маңызға ие, берісі қазақ дейтін ұлттың шаруашылығымен, өмірімен, тіпті рухани жан-дүниесімен біте қайнасып кеткен, осыбір қасиетті түлік туралы тереңнен қозғап, жан-жақты қаузап, ғалым, тарихшы, этнограф мамандардың пікірін ұсына отырып жасаған деректі фильм, қалың оқырманның үлкен қызығушылығын тудырып, ықыласына бөленген еді. «Шыңжаң телевизясындағы» қандастарымыз өмірге әкелген тартымды әрі тағылымды дүниені қара шаңырақ Қазақстандағы көрермен қауымға да ұсынуды жөн көрдік. Бірінші бөлімі өткен жарияланыды.

Фильм «Отыз жылдың өрінде» атты таңдамалы деректі фильмдердің қатарына енген. Фильмнің екінші бөлімінде ретіне қарай тарихшы Жақып Мырзаханұлы, Ақын, этнограф, Қадір Жұмақанұлы, ақын, күйші Балапан Омарұлы, ауыл шаруашылығы университетінің доценті Нұржан Мәдиярұлы, мәдениет зерттеуші Кәрім Дүйсенбайұлы, Жаңалық Нұртазаұлы, қатарлы адамдар өз ойларымен бөлісті.

Айтыс ақыны Ерлан Аманқожаұлы жыр арнады. Жүргізуші Қуаныш Ілиясұлы. (Естеріңізге сала кетейік, сайттың өткен жарияланымдарында «Отыз жылдың өрінде» атты таңдамалы деректі фильмдер топтамасынан «Отар көш» деректі фильмлдерін ұсынған болатынбыз).

Жоба жетекшісі: Қанат Ережепұлы, Мәнен Зейнелұы Сценарист-режиссер: Қуаныш Ілиясұлы Бас операторлар: Бірлік Нәзірбекұлы, Уәли Қалихан Мәтінін оқыған: Қанат Ережепұлы Фильмге өзге де мамандар атсалысқан.

The Qazaq Times

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер