USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Шинжияң: Студенттер арасында «Жас қанат» атты жыр мүшәйрасы өтті

Шинжияң «Қолданылмалы кәсіптік техника институтында» «Жас қанат» атты жыр мүшәйрасы өтті. Аталған мұшайраны институт басшылары, ұстаздар, қазылар және студенттерден құралған 300-ден астам адам тамашалады, деп хабарлайды Baq.kz.

Сол жақтағы әріптесіміз Таңнұр Тұрдыбақытқызының хабарлауынша, бұл реткі жыр мүшәйрасын институттың көркемөнер факультетінің ақындар класы ұйымдастырған. Институт қарастылығындағы 10 факультеттен 50-ден астам үміткер қатынасып, соңында шешуші жарысқа 18 ақын жолдама алған екен.

Талантты жас ақындар сахнада жанды да жалынды бейне байқатып, бүгінгі баяшат дәуірді жырлаумен қатар рухани жақтағы кейбір келеңсіздіктерді сын тезіне алды. Бағалаушылар өлеңнің мазмұн-мәнері, көркемдігі, сезімдік бояуы, саханадағы бейнелеуі қатарлы жақтардан әділ бағаларын берді.

Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған жарыс көрермендердің қызу қарсы алуына бөленіп, поэзия әлемінің мәні, маңызы, құндылығы тұралы студенттерге таптырмас сабақ болды.

Фото: kazak.ts.cn

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады