Қытайлық қазақ жігіті жаңа ұшақ жасап шықты - Қытай қазақтары|02 Ақпан 2017, 17:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қытайлық қазақ жігіті жаңа ұшақ жасап шықты

Қытайда туып-өскен қандасымыз Салтанат Болатұлы Қытай еліндегі ең атақты білім ордасы – Бейжіңдегі Шинхуа университетінің магистратурасын бітірген. Оқуын бітірген соң Шаңхайдағы «Сауда ұшақ жобалау компаниясына» жоғары дәрежелі инженер болып жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

3 жыл бойы үздіксіз ізденіс пен құлшынысы және таланты арқылы өзі жобалап, жасап шыққан ұшағы сынақтан сәтті өтіп, Қытай аспанын шарлаған екен.

Ол басқаратын ұжым 3 жыл ішінде саудалық авиация саласына арналған, өз жобалуымен Қытайда өндірілген, шағын тұрпатты ұшақтарды жасап, әлденеше рет сынақтан сәтті өткен.

Өнерімен күллі Қытайды мойындатып, патент құқын алған, ғылым шыңына өрмелеген азаматтың ендігі арманы ірі тұрпатты ұшақтарды жасап, көк аспанда көптеп ұшыру.

Алдағы уақытта, Салтанат Болатұлымен тікелей байланысқа шығып, нақты ақпараттар ұсынатын боламыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер