BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жақында қазақ-өзбек тарихи фильмі түсіріледі

Фото: kun.uz

Алдағы уақытта Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен тарихи фильм түсірмекші. Бұл жөнінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат тілшісі.

«Біз өзбекстандық әріптестерімізбен бірлескен тарихи фильм түсіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Біздің ортақ тарихымыз бар, егер, моңғолдардың тарихы жайлы айтатын болсақ, ол екі ел тарихына тікелей қатысты болады. Қазір біз алдымен сценарий әзірлеуіміз керек», - деді министр.

Оның айтуынша, картинаны екі ел де қаржыландыратын болады. Министр 15 наурыз күні Қазақстандағы Өзбекстан жылы салтанатты түрде іске қосылатынын айтты.

«Екі ел арасындағы әлеует жоғары. Әсіресе, мәдениет, туризм, спорт саласындағы жетістіктер бізге үлкен үміт сыйлап отыр. Бірлескен күш жұмсау арқылы біз Орталық Азия өңірін болашақта бүкіл адамзат үшін тартымды және маңызды ете аламыз», - деді А.Мұхамедиұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер