BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ұлттық фильмдерді прокаттау кезінде кинотеатрлар корпоративтік табыс салығынан босатылуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Кинематография» туралы ҚР Заң жобасы және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды.

Заң жобаларын ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды. Оның айтуынша, бұл кинематография саласын жеке, дербес салаға шығаратын мәдениет саласындағы алғашқы заң. Қазір Қазақстандағы кинематография «Мәдениет туралы» заңның бірнеше нормаларымен ғана реттеліп келеді.

«Кинематография туралы дербес заң қазақстандық кинематографияны тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Шетелдердің үздік тәжірибесін ескере отырып, біз кинематографияны дамытудың өзіндік тұжырымдық көзқарасын қалыптастырдық. Оның шеңберінде мыналар ұсынылады. Бірінші, Ұлттық киноны қолдау орталығын құру. Бүгінде мемлекеттік қолдау құралдарының негізгі алушысы – мемлекеттік қаражатты бөлу үшін ерекше функцияларды орындайтын «Қазақфильм» киностудиясы саналады. Бүкіл әлемде бұл мәселе киножобалар арасында қаражатты тиімді бөлуден басқа оларды қайтару жөніндегі мәселелерді шешетін дербес бірыңғай оператор құру арқылы шешіліп отыр. Субъективті бағалауды болдырмау үшін киножобалар сараптамалық кеңестің іріктеуі және ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияда қарау арқылы сүзгілеуден өтетін болады. Бүкіл әлемде қабылданғандай, «Қазақфильм» кинофабрика ретінде жұмыс істей береді», - деді Райымқұлова.

Вице-министрдің айтуынша, фильмдер өндірісі кезінде инвестор үшін киноөндіруші компанияларды қосымша құн салығынан босату ұсынылып отыр. Сондай-ақ, фильмдердің құқық иеленушілерін және прокаттау кинокомпанияларын, яғни ұлттық фильмдерді прокаттау кезінде кинотеатрларды корпоративтік табыс салығынан босату көзделіп отыр.

«Біз бұндай норма шетелдік картиналардың алдында олардың (ұлттық фильмдердің - авт.) кепілді артықшылығын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер