BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Павлодарда өтетін халықаралық кинофестивальге 207 фильм тапсырылған

Павлодарда алғаш рет өтетін «Ертіс синема» халықаралық кинофестивальге қатысуға 20-дан астам елден 207 туынды түскен, деп хабарлайы Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бүгінгі күні мәдени шараға туындыларды қабылдау жабылды. Фестиваль шарты бойынша ұзақтығы 30 минуттан аспайтын документалды және ойын кинолары іріктеліп алынaды.

«Ауқымды мәдени шараның мақсаты - дарынды жас сценаристер, режиссер мен операторларды анықтау және оларға барынша қолдау көрсету. Бұл фестиваль шығармашыл қауым тарапынан зор қызығушылыққа ие. Бүгінгі күні шараға қатысуға 200-ден астам автор өтініш білдірген. Қазылар алқасының назарына ұсынылған туындылар түрлі жанр мен техникада орындалған. Классикалық жанрдан бастап, андеграуд жанрында түсірілген туындылар баршылық. Арасында әскери, комедия, мәдениет, әлеуметтік драма, бүгінгі қоғамның мәселелерін ашатын жанрларда орындалған шығармалар көп», - дейді журналист-документолог Салауат Игіліков.

Отандық және шетелдік кинотуындыларды Қазақстан, Қытай және Ресейдің танымал режиссерлері сарапқа салып, әділ бағаларын береді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтетін шара аясында фильмдер Павлодардағы Ертіс жағалауында үлкен экранда және кинотетарларда тегін немесе арзан бағаға көрсетіледі.

«Фестивальге қатысуға ниет еткендердің басым бөлігі - ТМД елдерінің өкілдері. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия мемлекеттерінің авторлары, сонымен қатар, Франция, Испания, Болгария және Израиль елдерінің режиссерлері бар. Шараға қатысу өтініштері фестивальдің ресми сайты арқылы қабылданды. Бір сөзбен айтқанда, қатысушылар географиясы ауқымды», - дейді облыстық мәдениет, мұғағат және құжаттама басқармасының маманы Исатай Хикметов.

Қазіргі уақытта шараға қатысуға танымал режиссер, сценарист, ақын және кинорежиссер Ермек Тұрсынов келісімін берді. Бұл идеяны алғашқылардың бірі болып қолдағандардың қатарында жерлісіміз, Ресейдің халық әртісі, танымал кинорежиссер Владимир Хотиненко, продюсер және режиссер, Радио және Телевидение Еуразиялық Академиясының вице-президенті У Цзян да бар.

«Халықаралық фестивальге сапалы және сапасы көңіл көншітпейтін туындылар тапсырылған. Біз қоғамның күрмеулі мәселелері көтерілген фильмдерді таңдап алдық. Басымдық әрине, халықаралық дәрежеге сай киноларға берілді. 50-ден астам сағат жұмсап, тапсырылған еңбектердің бәрін қарап шықтық», - дейді мәскеулік кинорежиссер Людмила Лебедева.

Еске сала кетейік, мәдени жоба туралы былтырғы жылы жарияланған. Бұл – заңды құбылыс. Себебі, Ертіс өңірі - «Қазақфильм» студиясының негізін қалаушы, КСРО-ның халық әртісі, кино және театр әртісі, Баянауыл өлкесінің тумасы Шәкен Аймановтың Отаны.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер