BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Олег Табаков өмірден озды

Фото: vm.ru

КСРО халық артисі Олег Табаков 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Актер бірнеше ай бойы ауруханада жатқан. Желтоқсан айының аяғында ішкі ағзасының ауыртпалығын жеңілдету үшін актер жасанды комаға түсірілді. Көп ұзамай ол есін жиғанмен, айналасындағылардың ешқайсысын танымады. Қаңтар айында оған жасанды тыныс алу аппаратын қосты.

Актер қараша айының аяғында Пирогов атындағы қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ол көпшілік қауымға «Война и мир», «Семнадцать мгновений весны», «Двенадцать стульев», «Д'Артаньян и три мушкетера», «Несколько дней из жизни Обломова» және «Москва слезам не верит» картиналары арқылы танымал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер