BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Моника Беллуччи Астанаға келуі мүмкін

Астанада өтетін «Еуразия» кинофестиваліне әлемге әйгілі кино актриса Моника Беллуччи келуі мүмкін. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда «Еуразия» кинофестиваліне әртістерді шақырып жатырмыз. Келіссөздерді бастап кеттік. Оның ішінде Моника Беллуччи және т.б. «Оскар» жүлдесіне ие болған, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бар. Бірақ бұл мәселені біз әлі талқылап жатырмыз. Қандай жұлдыздар келгенін сіздер «Еуразия» кинофестивалінің ашылу және жабылу салтанатында көре аласыздар», - деді ректор.

Айта кетейік, биыл «Еуразия» кинофестивалі 1-5 шілде аралығында өтеді.

Сонымен қатар осы жылы Астананың 20 жылдығын тойлауға ел бюджетінен 18 млрд 808 млн теңге бөлінбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер