USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

"Моана" - Арал тағдыры

Фото: Ержан Жаубай

«Болашақ» Корпоративтік қоры 2016 жылы қазақ тіліне дубляждалған үшінші анимациялық фильм “Моана” прокатқа шығарылды. Астанада өткен фильмнің алғашқы таныстырылымына мультикті қазақ тілінде дыбыстаған актерлер мен әншілер қатысты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Менің алғашқы дыбыстаған мультигім. Сондықтан да қобалжу болды. Бағасын халық береді ғой. Оңай бола қойған жоқ. Әрі ойнақы, әрі жас балаларға жағымды болу үшін барымды салдым" - дейді Мауидің дауысын салған әнші Беркут.

Диснейдің жаңа ханшайымы Моананың басынан кешкен қызықтарын баяндайтын фильмнің қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Рита Әбішева, ал жобаның музыкалық басқарушысы – Күнімгүл Борамбаева. “Моана” жобасының ерекшелігі – 11 жеке әннің жазылуы.

«Моананы қазақша сөйлетеміз деп әжептәуір тер төктік. Бұған дейінгі жасаған фильмдеріміздің ішіндегі ең күрделісі осы болды. Себебі бұл мюзикль түрінде жасалған. Мюзикль болғандықтан кейбір сөйлеспелі сөздердің өзі әнмен айтылуы керек. Осы жерде ырғақты келтіре алмай қатты қиналдық. Дегенмен әрі ақын, әрі актер Қанат Жүнісовтің қажырлы еңбегінің арқасында барлық әнге сөз жазылды» - дейді фильмнің қазақ тіліндегі дубляж режиссері Рита Әбішева.

Басты кейіпкер Моананың даусын сомадаған – “Алиса айнаның арғы бетінде” кинокартинасының дубляжында Алиса ролін сомдаған Назерке Серікболова.

Дубляжға отыз бестен астам актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын Лидия Кәден (Моананың әжесі – Тала), Мақпал Исабекова (Моананың анасы – Сина), әнші Бүркіт (жартылай құдай – Мауи), Жәнібек Мұсаев (Туи көсем), Сырым Қашқабаев (Таматоа) сыйлады, сонымен қатар басқа актерлер мен қазақстандық эстраданың орындаушылары қатысты.

Фильм қазақы болмыстағы көрерменге бере қояры аз. Дегенмен мультиктің өнбойынан Қазақстан табиғатына ұқсас бір желіні байқауға болады. Ол – Моана – Арал тағдыры. Қазіргі біздің аниматорлар да еліміздің табиғи тозып бара жатқан өңірлеріне арнап осындай еңбектер жасаса деген ойға келдік. Әрине, бір фильммен шешіле қояр түйін жоқ, дегенмен назар аудартарлық болса, қанеки?!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады