BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қазақстандық кинопрокат үш есе өседі — болжам

Фото: Живая Кубань

Cinemax кинотеатрлар желісі 2017 жылды қорытындылап, 2018 жылға болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Cinemax бас директоры Әлия Бисембаеваның айтуынша, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы кинотеатрлар желісінің табысы билет кассалары есебінен 61% өсті.

«Билеттен жалпы 1,9 млрд теңге келіп түсті. 2018 жылдың І тоқсанында 608 млн теңге жинап үлгергенімізді айтуымыз қажет. Сондай-ақ, біз келушілердің санын 64% көбейтіп, 1,3 млн адамға жеткіздік. Бұл 2016 жылы Cinemax Shymkent Multiplex кинотеатрын іске қосуымызбен тікелей байланысты. Екі кинотеатр да жоғары көрсеткішке ие болғандықтан, биыл келушілер саны арта түседі деген ойдамыз. Біздің желі Cinemax Shymkent Multiplex кинотеатрын дамыту және Алматыдағы репертуарлар санын көбейту арқасында табысқа кенелуді көздеп отыр», - дейді Әлия ханым.

Сондай-ақ, ол көп ұзамай көрермен саны бірнеше есеге өсетінін айтып өтті.

«Қазақстандағы кинопрокат алдағы жылдары екі-үш есе өседі. Ресей нарығын ескере отырып осындай болжам жасауға болады. Десе де, көп нәрсе біздің аймақтағы тұрғындардың мәдениетімен байланысты болмақ. Бұл кездейсоқ жүзеге асатын құбылыс болмай, демалыс күндердегі әдетке айналуы тиіс», - дейді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер