BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстандық каскадерлер Disney фильміне қатысады

Фото: hollywoodreporter.com

Disney студиясында түсірілген тағы бір анимациялық лента қайта түсіріліп, көрермен назарына фильм ретінде ұсынылады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Жайдарбек Кунгужиновтың Facebook парақшасында бөліскен ақпаратқа сілтеме жасап.

hollywoodreporter.com сайтында жарияланған мақалада «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» фильмдерін экранға шығарған Disney «Мулан» мультфильмінің желісімен түсірілген тағы бір көркем фильмді жарыққа шығаратыны жазылған. Кинокартинаға қазақстандық каскадерлер қатысады.

Nomad Stunts каскадерлер тобының басшысы Жайдарбек Кунгужинов Facebook парақшасына 2018 жылы жарыққа шығады деп жоспарланған фильм 2020 жылдың көктем айына шегерілгенін жазды.

«Мулаан» (Mulan) – толықметражды мультфильм. Ол Walt Disney Pictures студиясында түсіріліп, 1998 жылы 19 шілде күні жарыққа шыққан. Фильмге әскер қатарында ерлік көрсеткен Хуа Мулань туралы ортағасырлық қытай балладасы арқау болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер