BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қайрат Нұртас жұртшылық алдына алғаш рет әйелін алып шықты

Қазақстандық атақты әнші Қайрат Нұртас өзі түскен «Арман.../Когда ангелы спят» атты фильмнің тұсаукесеріне алғаш рет әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат онда басты рөлде ойнайды. Киноның тұсаукесері Алматы қаласындағы кинотеатрларының бірінде өтті. Онда әнші атақты адамдарды шақырған. Оның ішінде Баян Мақсатқызы да бар.

Кино үлкен экранға 12 қазанда шығады. Бұл әншінің кинодағы алғашқы жұмысы емес. 2016 жылы Қайрат Нұртастың қатысуымен экранға «Тағдыр» атты кино шыққан болатын. Фильмде ол қарақшының рөлін сомдаған еді. 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі туралы «Өкініш» атты фильм шықты. Фильм 2013 жылы 11 сәуірде көпшіліктің назарына ұсылып, алғашқы демалыс күндері 34,8 млн теңге пайда әкелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер