BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ertis Cinema кинофестивалінің алғашқы мүсінін «Мангашлык» фильмінің режиссері алды

Фото: pavlodarnews.kz

Халықаралық Еrtis Cinema қысқаметражды ойын киносы мен деректі фильмдер фестивалінің ашылу салтанатында марапаттау рәсімі өтті. Оған әлемнің 21 елінің режиссері қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кештің басында қатысушылар қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. Бұдан кейін мерекелік концертте талантты әншілер мен домбырашылар, бишілер өз өнерлерін көрсетті.

Кинофестивальді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев құттықтау сөзімен ашты.

«Айтулы шараның Ертіс өңірінде өтіп жатқаны бекер емес. Бұл жерде белгілі актер және режиссер Шәкен Айманов дүниеге келген. Былтыр Софияда өткен кинофестивальде үлкен жетістікке жеттік. Людмила Лебедеваның «Мангашлык» фильмі бас жүлдені жеңіп алған. Бірінші жұмысты шағын айпад арқылы көрсеттік. Соның өзінде қатты әсер етті. Бұдан кейін режиссердің командасына мүдделестері қосылып, кинофестивальді өткізу туралы идеяларымен бөліскен. Осындай ұсыныспен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа жүгінген. Аймақ басшысының қолдауымен және танымал режиссер Асанәлі Әшімов, Ерлан Нұрмұхамбетов пен депутаттардың көмегінің арқасында Павлодарда үлкен кинофестиваль өтіп жатыр», - деді Мейрам Бегентаев.

«Мангашлык» туындысы үшін Еrtis Cinema фестивалінің алғашқы мүсіні Людмила Лебедеваға табыс етілді. Оның бұл фильмі шараны ашты.

«19 минуттық фильм үшін бүкіл қаланы жұмылдыруға тура келді. Залда түсірілімге көмектескен адамдар отыр. Олардың арқасында осындай картина пайда болды. Сол үшін үлкен алғыс», - деді Людмила Лебедева.

Мейрам Бегентаев болашақта фильмдерді Ертістің жағасында Ertis Promenade сахнасында көруге болатынын атап өтті.

«Мұндай фестивальдің Павлодарда өтіп жатқаны керемет. Сіздер басқа облыстар үшін үлгі боласыздар. Мұндай шараларды мегаполистерде ғана өткізу керек. Көрермендердің барлығын жақсы киноға үйрету керек. Ең бастысы, Еrtis Cinema фестивалін дәстүрге айналдырған жөн. Келесі бірнеше күн бойы Павлодардың киноалаңдарында қысқа метражды фильмдер көрсетіледі», - деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР кинематографистер Одағының төрағасы Ермек Тұрсынов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер