BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елімізде көкжалдар арасында өмір сүрген адам жайлы фильм түсірілді

Үш айлығында қасқыр ұрлап кеткен бала арада жиырма жыл өткесін Ақсу-Жабағылы қорығында көзге түскен. Алматыда осындай шытырман оқиғаға толы «Көкжалдар» көркем фильмінің тұсауы кесілді. Аңыз бен ақиқат шынайы өрілген туындыны тамашалаған қауым «ұлттық кодымызды жаңғырту жолында таптырмас туынды» деп бағалап отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Кино желісі бойынша бір аңшы қасқырдың арланын атып алады. Тірі қалған жұбы кек қайтару үшін оның үш айлық баласын ұрлап кетеді. Арада жиырма жыл өткенде адамдар қасқылар ортасында жүрген мақұлықты байқап, оны құрықтауға арнайы топ құрылады. Ал, көрермендер туындының немен аяқталатынына бір айдан кейін прокатқа шыққанда көз жеткізе алады. Әрине, фильмді бір қарағанда жабайы табиғат арасында буыны бекитін әйгілі Маугли немесе Тарзан еске түсуі мүмкін. Бірақ, режиссердің айтуынша, қасқыр тотемі негізгі идея болып алынған «Көкжалдар» киносында қасқырдың текті мінезі мен қазақтың асыл қасиеті дәріптелген.

«Түркі текстес халықтар, қазақтар көк бөріден тараған деген аңыз бар. Фильмнің негізгі мақсаты – қасқырдың мінезін қазаққа жеткізу, қасқырдың текті мінезі арқылы жастардың рухын, санасын ояту», - дейді «Көкжалдар»фильмнің режиссері Еркін Рақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер