BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Бүгін Алтын адам туралы деректі фильмнің әлемдік тұсаукесері өтеді

«Хабар», BBC және EURONEWS телеарналарында «Алтын жауынгер» атты жаңа деректі фильмнің телевизиялық тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы мен «BBC WorldNews» телеарнасы түсірген.

«Қазақфильм» былтыр жиырмадан астам ғылыми-танымал деректі фильмдер түсірген. Олардың қатарында «Алтын жауынгер» және «Қожа Ахмет Ясауи мен Айша бибі кесенелері» атты фильмдер бар. Аталған фильмдердің өндірісіне отандық және 451 млн. көрермені бар шетелдік беделді «BBC WorldNews» телеарнасының мамандары тартылған. Бұл фильмдер қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетілетін болады», – дейді «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.

Фильмдердің түсірілімдері өткен жылы қыркүйек айында «Қазақфильм» киностудиясының территориясында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан, Қапшағай қалаларында өткен.

Фильмде Оңдасын Бесикбасов, Нұрлыбай Есімғалиев, Шұғыла Сапарғали, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес және басқалар ойнаған.

Аталған фильмдер «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында түсірілген. Эксперттердің пікірінше фильмдер Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджіне өз үлесін қосады, сонымен қатар еліміздің бай тарихы мен көрікті географиясын танытады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер