BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

БАҚ көмек қажет ететін проблемалар жайында жиі жазса деген ұсынысым бар – Джеки Чан

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада «Қазақстан» Ұлттық арнасының ұйымдастыруымен Қытай киносының апталығы басталды. Айтулы шараға Қытай елінің аңызға айналған киноактері, продюсер Джеки Чан қатысты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Осыған орай Қазмедиа орталығында кино өнерінің королімен кездесу өтті. Кездесу барысында журналистер қойған сауалдарға жауап берген Чуң Луң әлемде кунг-фу мектебін ашқысы келетінін, соған орай Қазақстанда да бұл мектеп бой көтеретінін жеткізді.

«Қазір Бейжіңде кунг-фу бойынша жаттығулар жүргізудеміз, алдағы жылы онда мектебімізді ресми түрде ашуға ниеттіміз. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы өнерге қызығушылық танытқан адамдар Бейжіңге келіп, кунг-фуды меңгеруді өтінер едім. Бүгінде осы саладағы жұмыстарымыз жаңадан қарқын алуда, осы орайда болашақта барша әлемде мектептерді ашуға ниеттімін. Мүмкін Қазақстанда да кунг-фу мектебі ашылып қалар», - дейді танымал актер.

Әлемдік деңгейде аңызға айналған дара тұлға көп жылдан бері қайырымдылық шарасымен де айналысып келеді. Оның қайырымдылық шаралары әлемдік БАҚ-тарда үнемі жазылып отырады.

«Мен әрқашанда осы бағытқа үлесімді қосуға әзірмін. Сондықтан БАҚ көмек қажет ететін проблемалар жайында жиі мәлімет таратса деген ұсынысым бар. Шын мәнінде Қазақстан жайында толық білмеймін. Негізінен әлем бойынша қайырымдылықпен айналысқан кезде БАҚ өкілдері маған қандай көмекті көрсетуге болатындығы жайында хабардар ететін», - деді Джеки Чан.

ФОТО, ВИДЕО: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер