BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Анджелина Джоли ауруханаға түсіп қалды

Фото: интернеттен

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли әлсіреп, ауруханаға түсіп қалды. Оқиға бұдан ертерек болған. Тек бұл туралы енді белгілі болып отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

Анджелина Джолиді жедел жәрдем көлігі өз үйінен алып кетті. Ауруханада оның әлсіреп, талып қалғаны белгілі болды, деп жазды австралиялық NW сайты.

Бұл жағдай өткен айда болған. Тек оны үйінде кім тауып алғаны, жедел жәрдемді кім шақырғаны туралы мәлімет жоқ.

Бүгін Джоли Instagram-ға жаңа фото салды. Оған қарап, денсаулығының «мәз» емес екенін байқауға болады.

«Мен қай жерде болсам да, терезе тауып аламын. Оған қараймын, басқа жерде болуды армандаймын», - деп жазды актрисаның өзі фотосының астына.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер