USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

"Анаға апарар жолдың" төрт артықшылығы, төрт кемшілігі

"Анаға апарар жолдың" төрт артықшылығы, төрт кемшілігі

"Анаға апарар жол" - көрдік, жыламадым, ойбай, көзімнен жалғыз түйір жас шықпады деу өтірік болар, ең соңғы сірге жияр сәтінде аяқталар тұсында келістіріп бір жылатып алдық, арасында езу тартқан сәттерде болды. Мен кино сыншысы да басқа да емес тек қатардағы көрермен ретінде беретін бағам "+4" !
Сонымен "анаға апарар жол" несімен ұнады, несі сәтсіз? + мен - ын біраз саралағанды жөн көрдім, уәдем бойынша...
Сәтті тұсы:
1. Кейіпкерлердің актерлердің өз рөлдерін шебер сомдауы. Иә, Әділ ден тартып қарапайым балаға дейін дерлік кейіпкерлер көрерменді сендіре алған, тамаша сомдаған...
2. Кинодағы тарихи шындық. Иә, Қазақ басынан өткен 20 ғасырдың екінші үшінші ширегіндегі нәубеттерді бір отбасы тағдырына сыйғызып тамаша обыраз жасаған, көрерменін баурайтын тарихи шындықтар сәтті берілген.
3. Уақыт сұранысы, иә, дәл қазіргі сәттегі Қазақ санасына керек кино, бір кино беруге тиісті өнегелі тарбие мен дәстүрлі тағылымды толық бере алған...
Ал енді кино бағасын 5 емес 4 ке түсіріп тұрған сәтсіз тұстары:
1. Ең алдыңғы және ең үлкен қателік ол кино тақырыбының нашар қойылуы, қазақ тілінде екеніне күмән туатындай тіке аударма секілді жалаң қойылуы. "Анаға апарар жол!" өте сәтсіз, әдемі киноға өз көрерменіні, ұлттық көрерменін баурамайтын тақырып, кезіндегі осы Ақан Сатаевтің "жау жүрек мың бала" деген секілді тамаша ат қойылуы керек еді, ең болмағанда, кейіпкердің атын өзгертіп киноның атын "үміт" деп қою керек пе еді... Әйтеу атын өзгерту керек еді.
2. кино сценарийінің тілінің жұтаңдығы, кино тілі тарихи драма болғандықтан да бай болуы керек еді, бірақ, сценарий өте қарапайым тілмен жазылған, бәлкім, бәріне түсінікті болсын дегенде шығар, бірақ, образды ойлар мен сәтті теңеулер, тарихи оқиғаға байланысты МІНЕЗДІ диалоктар болса ойнаған актерлердің шеберлігіне үн қосар еді.
3. Оқиға жілісінің сәтсіз құрлымдары. Оқиға желісінде жалпы күлкіні келтіретін өте сәтсіз құрлымдар бар, бір ғана мысал, аяқасты Жолдастың жүрек талмасынан қайтыс бола салуы, тізе берсек осындай сәтсіз дүниеден біразы бар...
4. Кей тарихи көрністердің ашылмай қалуы, киноның аяқталуындағы бір түйткіл! Ашарщылық тұсындағы қазақ даласындағы оқиғаны көрсеткен екен толық ашуы керек еді, ақырын ғана сипай салған, ал аяқталуында оралған Ілиястың өмірінен бір он жыл өткізіп бақытты белесін көрсетіп аяқтауы керек пе еді, бүкіл киноны оқушыларға әңгімелеп беріп отырған ұстаздың сюжетімен аяқтау көңілге қатты әсерлі еместей көрінді...
Артықшылық кемшілігін осы үш-төрт жақтылы айтып қана тоқтай салайын, техникалығы мен режисорлық шеберлікке сын айтуға немесе мақтауға кәсби өре керек шығар...
P.S. жалпы киноны көру керек, барып көргенге, іздеп көргенге тұрарлық әдемі кино, қазақ киносына қосылған жаңа бір белес! Көріңіздер, қазақ кинонсының көрермені көп болсын, болашағы биік болсын!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады