BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Алматыда І Орталық Азия деректі кино форумы өтіп жатыр

Астана, BAQ.KZ. Алматыда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумы болып жатыр.

Форумның ашылу салтанатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD) А. Маемиров, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков, «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент Г.Мұрсәлімова және бірқатар кино маманы сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.

Жиын барысында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы:

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өткізілу себебі, түп-тамырымызды, ұлт­­­тық тарихымызды тереңінен зерделеп, деректі фильмдер арқылы кино кеңістігіне шығару. Академияда «Кино және ТВ» факультетінде деректі фильм режиссурасы нақты жүйелі түрде жолға қойылған. Жуырда ғана Елбасы Орталық Азия мемлекеттерінің отырысында мәдени байланыстарды жолға қою туралы айтты және енді нақты бағдарламалардың тұжырымдамалары жасалып дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеяларын жүзеге асырудың көрінісі болмақ. Еліміздің рухани құндылықтарын кеңінен дәріптейтін деректі фильмдер әлемдік деңгеңгейде үлкен мәнге ие. Форум аясында Қазақстанның деректі фильмдеріне арнайы уақыт бөлеміз. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан фильмдері осындай мәнге ие және ең білікті алға ұстайтын жоғары деңгейдегі режиссерлер келіп отыр. Аталмыш форум барысында екі фильмнің тұсаукесері өтеді. Бұл - Қазақстандағы ресми көрсетілімдері өзбек режиссерлерінің Венеция фестивалінде жеңімпаз атанған «Ұлықбек» деректі фильмі. Жалпы деректі фильм арқылы тарихи тұлғаны қандай деректер арқылы көрермендерге ұсынуға болады. Осы орайда, қазақстандық кинорежиссер Бақыт Қайырбековтің фильмін шығарғалы отырмыз. Бұл фильмде Ұлы Даланың түркітектес халықтарының тарихын арқау еткен фильмнің алғашқы көрсетілімі көпшілікке таныстырылады. Сондай-ақ, әрбір мемлекеттен жиырмаға жуық фильмдер көрсетілмек", - деп атап өтті.

Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өтуіне мұрындық болған сценарист, режиссер-документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина. Шараға Орталық Азия аймағының белгілі документалисттері, КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, атақты документалист, режиссер Владимир Тюлькин, режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және талантты режиссер Евгений Лумпов қатысуда.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер Азия киносының бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.

Форумның бірінші күн, яғни бүгін - өзбек бағдарламасына, екінші күні — қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі, ал шараның соңғы күні қазақ бағдарламасы көрсетілімі аяқтайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер