USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Алматыда «Елбасы жолы» киноэпопеясы тегін көрсетіледі

«Елбасы жолы» киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz.

желтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Алматы қаласының мәдениет және мұрағат басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы жолы» киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді.

Көрермен назарына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған туындыларды, оның ішінде: «Балалық шағымның аспаны», «От–өзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» (реж. Рүстем Әбдірашев), сонымен қатар биыл ғана тұсауы кесілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдері көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бес бөлімнен тұратын «Елбасы жолы» киноэпопеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңөмірбаянын баяндайды.

«Қазақфильм» баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмдер қазақ және орыс тілінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Б.Момышұлы көшесі, Рысқұлова даңғ. қиылысында) көрсетіледі. Кіру тегін.

Көрсетілімдер кестесі:

1 желтоқсан:
13:00 – «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі

2 желтоқсан:
13:00 – «От–өзен» және «Теміртау» көркем фильмдері

3 желтоқсан:
13:00 – «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмі

4 желтоқсан:
13:00 – «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:47
Алматыда алаяқ емші ұсталды
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады