2017 жылы Қазақстанда мемлекеттік тапсырыспен 40 сериал түсірілді - Кино|16 Мамыр 2018, 11:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

2017 жылы Қазақстанда мемлекеттік тапсырыспен 40 сериал түсірілді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Былтыр елімізде мемлекеттік тапсырыс бойынша 40 сериал түсіріліп, бірқатар телехикаяларды көрші елдер өз елдерінде көрсету құқығын сатып алған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алында есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша да мақсатты жұмыстар атқарылды. Біз тек қана қазақстандық көркем және деректі фильмдер көрсететін «Еларна» телеарнасын аштық. 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 40 сериал түсірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артық. Көрермен назарын өзіне аударған кейбір телехикаяларымызды Қырғызстан, Ресей және Қытай т.б елдер өз елдерінде көрсету құқығын сатып алды. Барлық қазақстандық телеарналарды онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін Galam.tv жобасы жаңартылды», - деді Абаев халықпен кездесу жиынында.

Министр биылдан бастап аймақтардағы анологтық хабар таратуды кезең-кезеңімен тоқтататынын айтты.

«2018 жылдың соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық теле және радиохабар таратуға көшеді. Еліміздің өзге аймақтары цифрлық хабар таратуға 2020 жылдың соңына дейін ауысады. Сонымен қатар, Otau Tv отандық спутниктік операторын дамыту мақсатында жаңа Otau+ ақылы пакетін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның құрамында шетелдік түрлі жанрда 14 телеарна болады. Otau+ тамашалағысы келетіндер айына 500 теңге төлейді», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер