BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

«13 шақырым» деректі фильмі Сербияда өтетін фестивальге қатысады

Режиссер Владимир Тюлькин түсірген «13 шақырым» деректі фильмі Сербияның Крушевац қаласында қыркүйектің 25-і мен 28-і аралығында өтетін Халықаралық «Рухы биік» («Сильные духом») православиелік фильмдер фестивалінің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді.

«13 шақырым» атты деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірінің елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарының сырын ашады.

«Фильмнің басты кейіпкері – рухы биік тұлға. Жанарынан айырылса да, қиындықтарға мойымай, өз болашағын ойлайды. Бұл фестивальге сол үшін де ұнаған болар,- деп ой бөлісті фильмнің режисесері Владимир Тюлькин.

«Рухы биік» фестивалі Сербияның православиелік шіркеуі мен Халықаралық православиелік халықтардың бірлігі қоғамдық қорының қолдауымен өткізіледі. Фестиваль бағдарламасына православиелік діні бар елдердің шығармашылық ұжымы түсірген көркем және деректі фильмдер қатыса алады. Сонымен қатар фестиваль шеңберінде тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кездесулер мен басқа да іс-шаралар өткізіледі. Фестиальдің іріктеу комиссиясы православие діні тақырыбында, немесе адамдар өмірінің дәстүрлі рухани-адамгершілік аспектілеріне қатысты түсірілген көркем және деректі фильмдерді қабылдайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер