USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тұңғыш Президент күні - елдегі тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділік - ҚХА

«Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде халық ішінен шыққан көшбасшы ретінде өзінің ерен еңбегімен асқан патриоттықтың, еліне адалдықтың үлгісін көрсетті». Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай жолдаған құттықтауында айтылған.

«Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен - Елбасы күнімен, Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған күнмен құттықтаймыз. Бұл күні біз жаңа мемлекеттің жарқын болашағы үшін, қоғамдағы татулық пен бірлік үшін өзіне асқан зор жауапкершілік алған Ұлт көшбасшын сайладық» делінген құттықтауда.

ҚХА кеңесі, сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанды нығайту мен дамытудың 25 жылы әрқайсымыздың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен ерен еңбек етуіміздің арқасында Отанымыз қол жеткізген шоқтықты жетістіктер мен жеңістердің жылына айналғанын атап өткен.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қазақстандық ұлы арман - Ұлы Дала елін ең озық дамыған отыз елдің терезесі тең мүшесі ету туралы арманды орындайтын Бес президенттік реформа шеңберінде мемлекет пен қоғамды ауқымды модернизациялау жылы болды.

«Біздің әрқайсымыз үшін Тұңғыш Президент күні - елдегі тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, қоғамдық келісім мен бірліктің салтанаты үшін Мемлекет басшысына бүкілхалықтық сүйіспеншілік пен қолдау, адами зор ризашылық білдірілетін күн. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев, шын мәнінде халық ішінен шыққан көшбасшы ретінде өзінің ерен еңбегімен асқан патриоттықтың, еліне адалдықтың үлгісін көрсетті, оған ұқсау - әр азамат үшін зор мәртебе» деп атап өтеді ҚХА кеңесі.

Сондай-ақ, құттықтауда:

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атап өтілетін жылы біз Елбасының бастамасымен Қазақстан халқының рухани Конституциясы болып табылатын «Мәңгілік Ел» патриоттық актін қабылдадық. Оның негізінде - бірлік, ортақ мүдде және тарихи тағдыр, қарапайым да түсінікті құндылықтар жатыр, олар: болашаққа деген сенімділік, қауіпсіздік, игілік пен балалардың бақыты», деп жазылған.

«Құрметті отандастар! Біз сіздерге мемлекет қайраткері, өз халқының адал перзенті -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің орасан зор таланты мен саяси ерік-жігерін арнаған татулығымыз бен бірлігіміз баянды болсын деп тілейміз. Денсаулықтарыңыз зор, табыстарыңыз мол болсын!» деп түйінделген құттықтау хаты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады