BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Тоқаев: Діндер съезі әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейді

Фото: Нұржас Жақсыбай

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі жаһандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан жиында Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен түрлі дін өкілдеріне алғысын білдірді.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің лидерлері мен бастамаларына тұрақты қолдау көрсетіп, оның жоғары басқарушы органы саналатын діни көшбасшылар кеңесінің жұмысына қатысып отырғандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», - деді ол.

Осы орайда Сенат төрағасы діндер съезінің негізгі мақсаты әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Кеңестің жоғары және беделді құрамы өркениетаралық және дінаралық ынтымақтастықтың жаңа идеяларын ілгерілетіп, түпкі мақсаты қоғамдар мен мемлекеттердегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Іс-шараларды жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу қажет. Тұтастай алғанда дінаралық қатынастардың қарқынды дамуы съезд және оның кеңесі қызметінің басты жетістігі болып саналады», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол түрлі дін өкілдерінің өзара пікір алмасуы сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Форум дінаралық саммиттің негізі қатысушыларының өзара пікір алмасудағы ерік жігерін, олардың бір-біріне деген сенімі іс-қимыл жасау кезінде орын алатын мәселелерге қатысты ортақ көзқарасын қалыптастырады», - деп түйіндеді сөзін Сенат төрағасы.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер