USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Тәуелсіздік мерекесіне орай Астанадағы этномәдени орталықтар күні басталды

Фото: Вечерняя Астана

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер күндерінің ашылуы өтті. Қаладағы 27 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін бұл ісшара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 16 желтоқсанға дейін жалғасатын іс-шараға бүгін үш мәдени орталық өз өнерлерін көрсетті, дейді BAQ.kz тілшісі.

Бүгін алғаш рет басталған қала жастарын өздерінің ұлттық әдет-ғұрып және салт-дәстүрлерімен таныстыру мүмкіндігі «Возрождение» немістер қоғамы, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы өз өнерлерін жиналған көпшілікке паш етті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне бүгін бастау алып отырған бұл іс-шараның басты мақсаты жастарды өз мәдениетін білуге, өзге мәдениетті, өзге ұлтты құрметтей білуге тәрбиелеу. Астана қаласындағы 27 этномәдени бірлестіктің қай күні қай орталық өз өнерлерін көрсететінін белгілеп қойдық. Сол график бойынша Тәуелсіздік мерекесіне дейін қаладағы оқу орындарында үзбей өткізетін боламыз. Қазақстан тәуелсіздігі, Қазақ елінің тәуелсіздігі осы елде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың тәуелсіздігі болып саналады» - дейді Қырғыз мәдени орталығының төрағасы Исмайлов Шафхат.

Елордалық Ассамблея ұйымдастырып отырған бұл іс-шараның басты мақсаты – Астана қаласының ҚХА қызметін дәріптеуге, астаналық этномәдени бірлестіктердің қызметіне балалар мен жастарды тартуға, Қазақстанда тұрып жатқан этностардың өзіндік әлуметтік-мәдени мұрасын жандандыруға және сақтауға, этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, жас өспірімдерді рухани-өнегелілікке және патриоттыққа тәрбиелеуге негізделген.

Сондай-ақ, қаланың түрлі білім беру мекемелерінде этномәдени бірлестіктер күндерін мерекелік атап өту іс-шаралары ағымдағы жылдың қазан айынан бастап қараша айы бойы жалғасатынын ескертеміз. Бүгінгі алғашқы мәдени іс-шара Көлік және коммуникациялар колледжінде өтті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады