BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Шаңырық» конкурсы үздіктерді марапаттады

Фото: автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетіп, үздік медиатор марапатталды.

«Шаңырақ» конкурсы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 41-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген. Конкурсқа қызығушылық танытқан барлық адамға қатысуға мүмкіндік берілді.

«Бүгінгі сайыстың «Шаңырақ» атануы бекер емес, себебі біз бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Бізді біріктіріп бір ел қылатын да осы - шаңырақ. Жыл сайын Тұңғыш Президент күні қарсыңында жоспарлы түрде осы конкурсты ұйымдастырамыз. Осы жылы БАҚ өкілдері 7 мыңға жуық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс туралы жазған екен. Бұл халыққа ақпарат беретін үлкен орта деп есептеймін. Қазақстан халық Ассамблясының дамуына биыл үлкен түрткі болған ол Астана қаласында «Достық үйінің» ашылуы. Бұл бірге жұмыс істей алатын тағы бір шаңырақ деп есептеймін» - дейді Леонид Прокопенко

Конкурска әртүрлі тақырып бойынша 103 журналист, 328 жұмыс қатысты.

«Қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірліктің Қазақстандық моделі» тақырыбында жазылған үздік материалдар қатарында Казахстанская правда газетінің меншікті тілшісі, Екатерина Бескорсаяның материалы І орын иеленді. ІІ орын Қазақстан-Қарағанды теле-радио корпарациясының рекакторы, Жанпейіс Ашмұхановқа бұйырса, ІІІ орынды «Акмолинская правда» газетінің тілшісі, Александра Якотова еншіледі.

Арнайы сыйлық Алматы облысындағы «Хабар 24» каналының тілшісі, Ардақ Құсайынға берілді.

«Ассамблия қызметінің жаңа бағыты мен жобалары» тақырыбы бойынша «Қазақстан» телеарнасының меншікті тілшісі, Қуаныш Серікқанов І орын, Республикалық Неміс газетінің тілшісі, Людмила Бевз ІІ орын, Шымкент қаласының меншікті тілшісі, Бердалы Оспан Арнайы жүлдеге ие болды.

«Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік материал» тақырыбы бойынша І орын «Орал өңірі» газетінің тілшісі, Ясипа Рабаеваға, ІІ орын Маңғыстау облысының тілшісі, Сабина Балашкинаға, Арнайы жүлде «Даму жобасының» Қазақстандағы тілшісі, Балжан Ошақбаеваға берілді.

«Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған үздік материал» тақырыбында І орын Светлана Крюгер, Қызылорда қаласындағы «Қоғамдық келісім» ұйымының баспасөз хатшысы, ІІ орын Айгүл Мөкей, продюсер, ІІІ орын Айнагүл Шалтықова, «Ахыска» халықаралық газетінің тілшісі, Арнайы жүлде Индира Токмурзина, Қарағанды қаласындағы «Қоғамдық келісім» ұйымының баспасөз хатшысы марапатталды

Блогерлер арасында «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан менің үлесім» аталымы бойынша, І орынды «Қоғамдық келісім» ұйымының баспасөз хатшысы, Сәлімхан Сәбитов, ІІ орынды Қостанай мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Айгерім Ниязбекова, ІІІ орынды студент Светлана Пак иеленді

Ал «Үздік медиатор» атағы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ұстазы, Құрман Бейсеғалиевқа берілді.

Фотолар: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер