BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Павлодар облысында халықаралық жастар форумы өтті

Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамлеясының ұйымдастыруымен Баянауыл ауданында Шекаралас ынтымақтастықтың «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» VІІІ Халықаралық жастар форумы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Президент әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Шанаи Нәзипа Ыдырысқызының қатысуымен өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен шекаралас Томск, Новосібір, Тюмень облыстары мен Алтай өлкесінен, Германиядан барлығы 120-ға жуық қатысушы келді. Сондай-ақ, жиынға ҚХА мүшелері мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері қатысты.

"Форумның мақсаты – жастардың мәдениаралық диалогын дамыту, қарым-қатынас пен әрекеттестіктің толерантты мәдениетін қалыптастыру, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, жастардың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірге бірігуін белсенді ету рөлін жан-жақты қарастыру болмақ" - дейді ұйымдастырушылар.

Жиынның пленарлық отырысында сөз алған Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев М.М. этнофорумға қатысып отырған жастарды құттықтап, ауқымды іс-шараның шекаралық өңірлерде тұратын елдердің жастары арасындағы өзара түсіністікке зор ықпал ететінін айтты. Жылсайынғы этнофорум тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін тұрақты алаңға айналғағынына тоқталды. Сонымен қатар ол жиынға қатысушыларды киелі өңірдің тумалары Бұхар Жыраудың 350-жылдығымен, Мұса Шорманұлының 200-жылдығымен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160-жылдығымен және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125-жылдығы атаулы даталарымен құттықтады.

Отырыс барысында өз ойларымен Германияның Мюнхен қаласынан келген қатысушы Лисснер Люсьен, Алтай өлкесі жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Гофман О.Ю., «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Жұмырбаев Т.Г. және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Байсеитова Ж.Б. бөлісті.

Форумның жұмысы барысында жастар бірнеше тілдесу алаңдарында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында: «Жаңғыру жол - жастар жолы: жаңа жобаларды іске асыру және басқару», «Волонтерлық жұмыс мәдениаралық кеңістіктегі ұлттық идея негізінде», «Медиативті процестер даусыз қоғамның кепілі» атты алаңдар.

Ал «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» Халықаралық жастар форумының көшпелі кубогы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаевқа тапсырылды.

Бірнеше күн бойы іс-шара қатысушылары Баянауылдың әсем табиғаты аясында өз жобаларын ортаға салды, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Баянауыл ұлттық саябағының әсем табиғатымен жақынырақ танысу мақсатында оларға экскурсия ұйымдастырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер