USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Өскеменде «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерлету бойынша» өңірлік семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерлету бойынша» өңірлік семинар болып өтті, деп хабарлайды Baq.kz Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары мен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Жоғарғы соттан, Евразия университетінен, Қазақстан Республикасы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығының өкілдері келді.

Сонымен қатар бұл семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор, теолог Ершат Оңғаров арнайы қатысты.

Шараның мақсаты: Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілігін арттыруға бағытталған.

ҚМДБ-ның бөлім басшысы Е.Оңғаров семинарға қатысушыларға «Қазақстандағы псевдоисламдық ағымдар:түрлері, қызмет ерекшеліктері, қарсы тұру әдістері» тақырыбында қатысушыларға дәріс берді.

Шараға 70 тыңдаушы қамтылып, тәжірибелік сабақтар мен тренингтерге қатысып, 2 күн бойы дәрістер тыңдап, сертификаттар табыс етілді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады