BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Ватиканның Папа Кеңесіне арнайы сыйлық табыстады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде Ватиканның Папа кеңесіне дінаралық диалогқа үлес қосқаны үшін арнайы сыйлық табыстады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұрын адамзат тарихында бүгінгідей діндердің арасында көпір орнату жұмысы іске асырылмаған. Біздің форум ынтымақтастық орнатудың жаңа жүйесін қалыптастырады. Қазір бізге әлемдік перспектива тұрғысында ой алмасуға мүмкіндік туып отыр. Сөз соңында келесі шешімді айтқым келеді. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Ватиканның Папа Кеңесіне арнайы сыйлық беруге рұқсат етіңіздер. Әрине, осы форумды қолдағандарыңыз үшін мен баршаңызға алғасымды білдіремін. Баршаңызға медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі. Оларды сіздерге Қасым-Жомарт Тоқаев табыстайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы арнайы сыйлықты Ватиканның Заңнамалық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папа Кеңесінің Құрметті Төрағасы Кардинал Франческо Коккопальмерио мырзаға табыстады.

Бұған дейін Елбасы қазір әлем турбулентті күй кешіп отырғанын және елдер арасында жаңа қамалдар пайда болып жатқанын айтқан болатын.

Атап өтсек, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды. Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ал «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбындағы жалпы отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Жиын түрлі ұлт өкілдерінен құрылған хор ансамблінің әнімен ашылды.

Съезд екі күнге жалғасады. Оның жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни көшбасшылар, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде шақырылған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер