BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Назарбаев: Әлем турбулентті күй кешіп отыр

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазір әлем турбуленттік жай-күйді басынан кешіріп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл алғашқы съездің өткеніне 15 жыл болды. Бүгін біз алтыншы рет жиналып отырмыз. Астана биыл 20 жылдығына атап өтуде. Елордамыз келісім, ынтымақтастық, өзара құрметәрі төзімділік рухымен ерекшеленеді. Өткен съезден кейінгі үш жылдың ішінде Қазақстан астанасында жаһандық деңгейдегі маңызды іс-шаралар өтті. Елордада қабылданған шешімдер халықаралық маңызға ие болды. Өйткені олар бітімгершілік, әріптестік, толеранттылық, шығармашылыққа толы болды. Осының барлығы өте маңызды. Өйткені әлем өкінішке қарай, турбуленттік жай-күйді кешіп отыр», -деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, қазір саясаткерлерді, діни қайраткерлерді санкциялық қақтығыстар, дінаралық және діндер ішіндегі қарама-қайшылықтар, сауда майдандары, қоршаған ортаның ластануы алаңдатып отыр.

Атап өтсек, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды. Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ал «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбындағы жалпы отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Жиын түрлі ұлт өкілдерінен құрылған хор ансамблінің әнімен ашылды.

Съезд екі күнге жалғасады. Оның жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері,беделді діни көшбасшылар, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріненқұралған 46 елден 82 делегация қатысып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде шақырылған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер