BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қызылжарда тілдер фестивалі өтті

Фото: Автор

Петропавлда Қазақстан халқы тілдерінің ХХ-шы облыстық фестивалі өтті. Шара аясында Абай атындағы республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің конкурсы ұйымдастырылды. Өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16 қатысушы шеберлік сынасты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына ораластырылды. Фестивальдің ашылу салтанатында мемлекттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Бұл игі шара биыл ХХ рет ұйымдастырылып отыр.

«Тілдердің ХХ облыстық фестивалінің ашылуымен құттықтаймын. Биыл Қазақстан Республикасының премьер-министрінің қаулысымен 5 қыркүйек тілдер күні болып бекітілді. Осы күні қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келіп отыр. Бүгін біздің облысымызда Абай атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын ұйымдастырып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындадағы іс-шаралардың бірі ретіндегі қазақтың ұлы бас ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы республикалық көлемде атап өтілді», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбекұлы.

Байқауға республикамыздың облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 16 үміткер қатысады. Олар екі бағыт бойынша бақ сынады: Қазақтың белгілі жазушыларының шығармаларын оқу және Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

«Биыл Қазақстан халқының тілдерінің мерекесі алғаш рет тойланып отыр. Бүгін біз Қызылжар өңірінде тілдер күні мерекесіне орай Қазақстанның барлық өңірінен 17 мен 29 жас аралығындағы жас дарындардың арасында республикалық конкурсын ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі ақындардың өлендерін жатқа оқи отыра сөз өнеріне баулу.Жастардың бойындағы мемлекеттік тілге деген рухани жаңғыртуға алып келу болып табылады»,- деді «Тіл қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы персаналмен жұмыс құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айдос Әбдіқалықов.

Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген Сая Байбосынова қанжығасына байлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер