BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ҚХА төрағасының орынбасары студенттермен кездесті

Астана, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенконың университет оқытушылары және студент жастарымен кездесуі өтті.

Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Ким, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев, ҚХА кәсіпкерлер қоғамдастығы төрағасының орынбасары А.Жұмағали, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының Төрағасы Т.Жұмырбаев, «Ауыл – мемлекет тірегі. Қазақстанның болашақ аграрлары» жобасының басшысы Д.Корепанов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам студенттер қатысты.

Кездесу барысында ҚазАТУ ғылыми орталықтарын, атап айтқанда, «Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми алаңы» ғылыми-зерттеу институтына, Металл өңдеу және дәнекерлеу цехы, Қытай ауылшаруашылығын механизациялау орталығы, ГАЖ технологиясының оқу орталығы, ет, сүт және өсімдік майын өңдеу бойынша оқу-эксперименттік цехтарын аралап, қызметімен танысты.

Ақылбек Қажығұлұлы ауыл шаруашылығын цифрландыру аясында университеттің қызметін баяндай келе, Қазақстандағы АӨК цифрландыру білімдерін енгізу және тарату аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бағытын хабарлап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко өз сөзінде университет қабырғасындағы білім беру үрдісіндегі ілгері қадамдарға тоқталып, аграрлық саланың маңыздылығын атап өтті.

"Оқу орданың теориялық білім және тәжірибелік машықтары білім алушылардың болашақта кәсіпкерлікті бастаудың негізі болады"- деді ол.

Сөз соныңда Л.Прокопенко Қазақ агротехникалық университеті мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп білім тарату орталығын ашуға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауын және «Рухнаи жаңғыру» бағдарламаларын талқылау жұмыстары жүргізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер