BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ҚХА мен Назарбаев Университеті меморандумға қол қойды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қол қою рәсіміне ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президент әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу қатысты.

«Мен Шигео Катсу мырзаға байланыс орнатуға ниет танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Бірақ біз меморандумға дейін де ұзақ уақыт бойы бірге тығыз жұмыс істедік. Университет – Қазақстанның интеллектуалды саласындағы көшбасшысы. Білім мен ғылымды дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясы басымдық беретін маңызды салалардың бірі. Ғылым алаңында интеллектуалды байланыс орнату ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамытуға және арамыздағы өзара әрекеттістікті одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деген ойдамын», - деді Леонид Прокопенко «Қазақстан мен Германияның интеграциялық саясаты. Салыстырмалы сараптама» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда.

Айта кетейік, аталған конференцияға Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, шетелдік сарапшылар, ҚХА мүшелері, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы барысында Қазақстан мен Германияның көші-қон мәселелері: мигранттардың негізгі ағымы, еңбек миграциясы, алдағы уақытқа миграциялық болжам, мемлекеттік емес ұйымдардың және мемлекеттік мекемелердің этникалық топтардың интеграциясындағы рөлі, мигранттардың бейімделуі мен интеграциясындағы және олардың билік органдарымен өзара әрекетіндегі этномәдени бірлестіктердің рөлі мен мүмкіндіктері және басқа да мәселелер талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер