ҚХА медиация саласын дамытуды көздейдін меморандумға қол қойды - ҚХА|07 Тамыз 2018, 11:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

ҚХА медиация саласын дамытуды көздейдін меморандумға қол қойды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, ҚХА мүшелері және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері қатысты.

«Бүгін біз ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен еліміздегі медиация саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Осылайша, еліміздегі медиация институтын дамытуды көздейміз. 3 тамыз күні барлық Достық үйінде бірыңғай медиация күніне орай «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылды. Шара 829 медиация кабинетінде өтті. Аталған институт аразданушы тараптарға мәселені бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді», - деді Леонид Прокопенко журналистерге.

Аталған меморандум еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған міндеттерді іске асыруды, ұлтаралық және мәдениетаралық диалог бағытындағы іс-шараларды өткізуді көздейді.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Алдағы уақытта ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандум аясында біріккен іс-шараларын жоспарын жүзеге асырмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер