USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Фото: Ержан Жаубай

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Аталған отырысқа ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің басшылығымен Тәуелсіздік жылдарында жеткен еліміздің жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру мен дамытудағы Президенттің рөлі сөз болды.

«Бүгін біз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан халқының бірлігі мен жасампаздығын паш ететін іс-шаралардың бірі ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында бас қосып отырмыз. Отырыс барысында ассамблеяның елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және этнос аралық қатынастар саласындағы іс-қимылдарды арттыруға бағытталған қызметіне қорытындылар жасалады» - деді Гүлшара Әбдіхалықова.

Сонымен қатар, отырыс барысында бірнеше кітаптың тұсаукесер-таныстырылымы өтті.

Жұмыс қорытындысы бойынша ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысына үндеу қабылдады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады