BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Діндер съезі: Президент діни сауаттылықты көтеруге шақырды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни радикализммен күресу үшін азаматтардың діни сауаттылығын көтеру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде Елбасы әлемдегі өзекті мәселелерді шешу үшін қандай шаралар жүргізу қажеттігін айтты.

«Күш-жігерімізді біріктіретін бағыттарға тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер. Ақпараттық қоғамда жаңа технологиялардың артықшылықтарын жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілету үшін пайдалануымыз қажет. Осы мақсатта аталған съездің базасында ақпараттық портал жасау қажет. Ол порталдың міндеті діни радикализмнің кез келген көрінісі мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан президентінің пікірінше, мемлекеттер жаһандағы бейбітшілікті қамтамасыз етуде мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай отыр.

Екіншіден, біз бейбітшілікті қамтамасыз етудегі ұмтылысымыздың барлық әлеуетін толықтай пайдаланып отырған жоқпыз. Осы жағдайда біз өзара әрекеттестіктің жаңа деңгейіне шығуымыз керек. Рухани көшбасшылардың және рухани бірлестіктердің барлық мүмкіндігін осы сындарлы диалогты қамтамасыз ету бағытында қолдануымыз қажет. Барлық рухани көшбасшыға айтарым, біз барлық мемлекетке осы үндеуді жариялауымыз керек», - деді Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы діни радикализммен күресу үшін әлем тұрғындарының діни сауаттылығын көтеру қажеттігін атап өтті.

«Үшіншіден, жаһандағы өзекті проблемалардың бірі – білім беру мәселесі. Қазіргі таңда әлемдегі 700 млн адам не жаза, не оқи алмайды. Кедейшілікті білімсіз, ғылымсыз біз еңсере алмаймыз. Тек білім ғана діни радикализмге қарсы тұратын тұрақты имминутеттің бірі болып саналады. Мұнда діни білімге назар аудару қажет. Бүгінгі таңда діни білімнің платформасын жалған діни ұйымдар белсенді түрде пайдалануда. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар осы діни құндылықтарды саяси идеологемадан ажырату бағытында үлкен жұмыс жүргізу шарт», - деп түйіндеді сөзін Президнент.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер